9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта Басқарма мен ветеринариялық станция қызметкерлерінің балалары арасында суреттер байқауы, сондай-ақ ветеринариялық станциялардың комплаенс-қызметтерінің қызметкерлері арасында эссе байқауы өткізілді.

Қызықты шығармашылық жұмыстардың саны өте көп: 29 сурет пен              13 эссе келіп түсті. Суреттер байқауына 18 жасқа дейінгі балалар қатысты, ең кішісі 4 жаста.

Барлық жұмыстан қатысушылардың барынша тырысқаны, байқау тақырыбының астарын түсіне білгені байқалып тұрды. Демек, Басқарма қызметкерлері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінен құрылған комиссияға таңдау жасау қиынға соқты. Комиссия кеңесе келе, мына жеңімпаздарды анықтады:

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы суреттер байқауында:

10 жасқа дейінгілер санатында:

1-орын – Бақытжанұлы Санжар, 8 жаста, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауданы ветеринариялық станциясының кадр жұмысы жөніндегі инспекторы Б.А. Кобдиковтің ұлы;

2-орын – Бойко София, 8 жаста, Аққайың ауданы, Аққайың ветеринариялық станциясының ветеринариялық фельдшері А.А. Орлованың қызы;

3-орын – Нурикенова Камила мен Диляра, 9 жаста, Тимирязев ауданы, Тимирязев аудандық ветеринариялық станциясы комплаенс-қызметінің маманы И. Нурикенованың қыздары;

10 жастан асқандар санаты:

1 - орын – Тукенова Аида, 16 жаста, Есіл ауданы, профилактика және бірдейлендіру бөлімінің жетекші маманы С.К. Тукеновтің қызы;

2 - орын – Бойко Алексей, 13 жаста, Аққайың ауданы, Аққайың ветеринариялық станциясының ветеринариялық фельдшері А.А. Орлованың ұлы;

3 - орын – Бірлік Расул, 12 жаста, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауданы ветеринариялық станциясының жануарларды дауалау жөніндегі операторы Д.Б. Досмановтың ұлы.

Комиссия Есіл ауданынан қатысқан 12 жасар Полина Плотникованың суретіне қатысты оң пікір білдіріп, жеке атап өтті.     

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы эссе байқауында:

1-орын – Юргель Алексей, Қызылжар ауданының комплаенс-қызметі;

2-орын – Кобдиков Бахытжан, Жамбыл ауданының комплаенс-қызметі;

3-орын – Нуркеев Кыдыр, Мамлют ауданының комплаенс-қызметі.

Жеңімпаздар Басқарма басшысының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталатын болады.