Мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелiлiгi мен сапасын басқару жөнiндегi оқу

Мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелiлiгi мен сапасын басқару жөнiндегi оқу

2021 жылғы 24-26 ақпан аралығында аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының директорлары мен мамандары Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалында мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелiлiгi мен сапасын басқару жөнiндегi оқуға қатысты.

Оқу онлайн форматта өттi. Оқу мақсаты — халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн тыңдаушылардың кәсiби маңызды қасиеттерi мен дағдыларын қалыптастыру.

Оқы барысында тыңдаушыларға мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын жетiлдiру, «жеделдiлiк» құзыретiн дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде клиентке бағдарлану, мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде алу мәселелерi түсiндiрiлдi.

Оқу барысында алған бiлiм ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтердi уақтылы және сапалы көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға жүгiнген кезде азаматтардың қанағаттанушылық деңгейiн арттыруға мүмкiндiк беретiн болады.

Оқу аяқталғаннан кейiн 29 қатысушыға сертификаттар табысталды.