Жаңалық

Жаңалық

2021 жылғы 24 ақпанда Ветеринария басқармасы басшысының м.а. О.Ә. Болыспаевтың төрағалығымен ведомстволық бағынысты ұйымдармен Солтүстiк Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiмен бiрлесе отырып қол қойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау бойынша жұмыс кеңесi өткiзiлдi.

Осы Жоспарды орындау аясында ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттi сыңайлы сектор субъектiлерi ретiнде жұмыс жүргiзу жоспарланып отыр.

Комплаенс қызметтiң негiзгi мiндетi — тиiстi ұйым мен оның қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар ағымдағы жыл iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiнде бiрқатар iс-шаралар жүргiзу жоспарланып отыр.

Ветеринариялық қызметтiң жұмысы жұртшылықпен кеңiрек бiрлесiп жұмыс iстеуге, халық үшiн Ветеринария басқармасы мен ветеринариялық станциялардың қызметiнiң ашықтығына, мүдделер қақтығысының мониторингiне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi сақтауға және тағы басқаларына бағытталатын болады.