Бруцеллезбен ауыратын жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру және құнын иелерiне өтеу мәселесi жөнiнде кеңес

Бруцеллезбен ауыратын жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру және құнын иелерiне өтеу мәселесi жөнiнде кеңес

2021 жылғы 17 ақпанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ басшысы Б.А. Әлжановтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi облыстық аумақтық инспекциясының басшысы орынбасарының, облыстық және аудандық ветеринариялық қызметтер басшыларының қатысуымен бруцеллезбен ауыратын жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру және құнын иелерiне өтеу мәселесi жөнiнде кеңес өткiзiлдi.

Бруцеллез бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiне сәйкес жануарлардың иелерi ауру жануарларды қалған жануарлардан оқшаулап, күнтiзбелiк 15 күннен аспайтын мерзiмде ет комбинаттарына немесе сою пункттерiне санитариялық союға өткiзуге мiндеттi.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау қағидаларына сәйкес бруцеллез жануарлардың (қой мен ешкi ұшасынан басқа) етi ұшалары мен ағзаларында паталогоанатомиялық өзгерiстер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейiн шектеусiз шығарыла бередi.

Жануарлар бруцеллезбен ауырғанда, олардың құны мiндеттi түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жiберiлген ұшалар мен ағзаларда патологоанатомиялық өзгерiстер болған жағдайда ғана төленедi. Өтемақы жергiлiктi бюджет есебiнен жануардан алынған өнiмнiң бiр килограмы үшiн орташа айлық нарықтық құнының 30%-ы мөлшерiнде төленедi.

Ветеринария басқармасының басшысы кеңестi қорытындылай келе, барлық мүдделi ветеринариялық қызметтердiң нақты ұйымдастырылуы мен өзара әрекет етуi ғана өңiрдiң эпизоотиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететiнiн атап өттi.