Құқықтық жаппай оқу

Құқықтық жаппай оқу

2021 жылғы 1 шiлдеден бастап жекелеген сот iсiн жүргiзудi, мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiк рәсiмдердi, өтiнiштер бойынша iсқағаздар жүргiзу тәртiбiн реттейтiн ҚР жаңа Әкiмшiлiк рәсiмдiк-процестiк кодексi заңды күшiне енедi.

Мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету, мемлекеттiк сатып алуды сапалы өткiзу, мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселесi де өзектi.

Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын құқықтық жаппай оқудың бекiтiлген оқу-тақырыптық жоспары негiзiнде 2021 жылғы 11 ақпанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ басшысы Б.А. Әлжановтың төрағалығымен семинар-кеңес өткiзiлдi.

Семинарда мынадай мәселелер баяндалды:

  • Әкiмшiлiк рәсiмдiк-процестiк кодекстi зерделеу (Әшiмов А.С.);
  • 2020 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiн iшкi бақылау бойынша талдау нәтижелерi (Тараканова Н.Е.);
  • ветеринариялық станциялардың мемлекеттiк сатып алуындағы жергiлiктi қамту үлесi туралы (Гаголин В.В.);
  • мемлекеттiк қызметшi мен оған теңестiрiлген адамдардың киiм кию үлгiсiн мүлтiксiз сақтауы туралы (Уәлиева Ұ.Ш.).

Семинар соңында бiрқатар тапсырмалар берiлдi.