Тағайындау

Тағайындау

2020 жылғы 19 қарашада Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргiзу қағидаларына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ «Есiл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына конкурс жарияланған болатын. Ветеринария басқармасының конкурстық комиссиясы 2020 жылғы 15 желтоқсанда осы лауазымға конкурс (әңгiмелесу) өткiздi.

Ветеринария басқармасы конкурстық комиссиясының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы оң шешiмiмен, сондай-ақ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 49/жқ бұйрықпен Сәдуов Темiржан Әшiрбекұлы «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ «Есiл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры болып тағайындалды.

Сәдуов Темiржан Әшiрбекұлы 1963 жылғы 17 сәуiрде Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданы Амангелдi ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1989 жылы мамандығы бойынша «Амангелдi» кеңшарының № 1 бөлiмшесiнiң ветеринариялық технигi болып бастады. Содан соң (1990-1991) Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданы «Ульянов» кеңшарының бас ветеринариялық дәрiгерi болып жұмыс iстедi.

  • (1994-1996) Ленин ауданы «Ильич» атындағы кеңшардың ветеринариялық дәрiгерi-дезинфекторы,
  • (1996-2000) «Айна» шаруа қожалығының ветеринариялық дәрiгерi,
  • (2000-2004) мемлекеттiк ветеринариялық инспектор,
  • (2004-2010) Амангелдi ауылдық округiнiң әкiмi,
  • (2010) ветеринария бөлiмiнiң бастығы,
  • (2013-2014) Есiл ауданы ветеринариялық станциясының директоры қызметтерiн атқарды.

2014 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Ж. Қизатов атындағы Есiл жоғары ауылшаруашылық колледжi директорының оқу-өндiрiстiк жұмыс жөнiндегi орынбасары қызметiнде болды.

Үйленген, екi баласы бар.