Жануарлар бруцеллезi — адам үшiн қауiптi ауру

Жануарлар бруцеллезi — адам үшiн қауiптi ауру

Бруцеллез — жануарлар мен адамның созылмалы ауруы. Ауыл шаруашылығы жануарлары бруцеллезбен ауырған жағдайда жиi кездесетiн белгiлер: iш тастау (буаздықтың екiншi жартысында), iрiңдi, кейiн фибринозды эндометрит, маститтiң дамуы салдарынан қағанақтың кiдiруi, аналық бездiң және фаллопий жатыр түтiгiнiң зақымдануы. Аталық малда орхит және эпидидимит түрiнде сипатталады. Жыныс жолдарының зақымдануы өсiп-өну функциясын бұзып, малдың қысыр қалуына, кейде бедеулiгiне әкеп соқтырады. Бруцеллезге ауыл шаруашылығы жануарлары мен басқа да жануар түрлерi сезiмтал келедi.

Адамдарға бруцеллез инфекциясын жұқтырудың негiзгi көздерi: қой-ешкi, кейде iрi қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануар түрлерi. Бруцеллез жұқтырған адамның қызуы көтерiлiп, қалтырап дiрiлдейдi, ағыл-тегiл терлейдi. Асқынған жағдайда тiрек-қимыл аппараты, жүйке, несеп-жыныс және жүрек-қан тамырлары жүйесi зақымданады.

Ауру жұқтырудың басты факторлары — бруцеллалар жұқтырған жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзат, мал күтiмiне, азықтандыруға арналған заттар, төсеме, су, топырақ, адамдардың киiмi. Төлдер бруцеллездi азық арқылы, ал ересек малдар азық арқылы және жыныстық қатынас жолымен шырышты қабық пен терi арқылы жұқтырады.

Шаруашылықта ауру табынға басқа жануарларды қосқаннан кейiн, мал басын карантиндеу қағидаларын сақтамаған кезде, сау жануарлар мен ауру жануарларды бiрге баққан, инфекцияланған су көздерi мен мал айдау жолдарын пайдаланған кезде ауру жұғуы мүмкiн. Шаруашылыққа қоздырғышты иттер, кемiргiштер, егеуқұйрықтар әкелуi мүмкiн, әсiресе қағанақ пен iш тастағанда түскен ұрық жатқан жерге кiре алған жағдайда әкеледi, сондай-ақ аурудың клиникалық көрiнiсi жоқ қолайсыз табындардың төлдерi арқылы да таралады.

Бруцеллездiң жаңа пайда болған iндет ошақтарында бiрнеше ай iшiнде сезiмтал малдың 60%-ы және одан да көбi инфекция жұқтыруы мүмкiн. Табында алдымен бiрен-саран мал басы, кейiн көбi iш тастайды. Алдағы уақытта (2-3 жылдан кейiн) мұндай табындарда iш тастаулар тiркелмеуi мүмкiн, алайда оған жаңадан мал әкелген жағдайда, iндет таралу үдерiсi жанданады, ауру асқынып, жаңадан әкелiнген және бұрын ауырып жазылған жануарларға жұғады. Шаруашылықтағы жануарларды қайта топтастыру бруцеллездiң жаңа ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады. Бруцеллездiң пайда болуына мал басын ұстаудағы және өсiрудегi ветеринариялық-санитариялық жағдайдың нашарлығы, қағанақ пен мал iш тастағанда түскен ұрықтың, қидың уақтылы жиналмауы, дезинфекциялау режимiнiң сақталмауы да себеп болады.

Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында жылына екi рет бруцеллезге диагностикалық тексеру жүргiзiледi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаумен және өсiрумен айналысатын адамдар жануарлары бруцеллезге оң әсер берген жағдайда мына мәселелердi бiлуi қажет:

Бруцеллез бойынша ветеринариялық iс-шаралар жүргiзу тәртiбiне сәйкес мал иелерi ауру жануарларды басқа жануарлардан оқшаулап, күнтiзбелiк 15 күннен аспайтын мерзiмде ет комбинаттарына немесе сою пункттерiне санитариялық союға өткiзуге мiндеттi. Малды санитариялық союға өткiзгеннен кейiн, ауру мал тұрған қораны ветеринариялық қызмет мамандары дезинфекциялау үшiн қи мен жемшөптен тазарту қажет.

Бруцеллез малды санитариялық союға өткiзген кезде зертхананың мал дәрiгерi тiкелей сою объектiсiнде ветеринариялық-санитариялық сараптама жасап, тұтас еттiң ветеринариялық-санитариялық бағасын айқындайды.Ветеринариялық-санитариялық бағалау қағидаларына сәйкес бруцеллез малдың (қой мен ешкi ұшасын қоспағанда) етi ұшасы мен ағзаларында патологанатомиялық өзгерiстер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейiн шектеусiз шығарыла бередi.

Мал иелерi осындай қорытынды алған кезде берiлген ветеринариялық-санитариялық сараптама актiсiнiң негiзiнде бруцеллезге оң әсер берген малдың етiн iшкi сауда объектiлерiнде (дүкендер, базарлар) нарықтық баға бойынша сата алады немесе өз қалауымен сою объектiсiнде нарықтық баға бойынша қалдыра алады.

Сондықтан iрi қара мал, шошқа, түйе мен жылқы бруцеллезi кезiнде еттi шектеусiз пайдалану туралы сараптама актiсiн алған ет иелерiне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың құны өтелмейдi.

Демек, мiндеттi түрде залалсыздандыруға және қайта өңдеуге жiберiлетiн ұшалар мен ағзаларында патологанатомиялық өзгерiстер болғанда ғана бруцеллез малдың құны өтеледi. Құны жануарлардан алынатын өнiмнiң бiр килограмы есебiмен орташа айлық нарықтық құнының 30%-ы мөлшерiнде жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлiгiн (70%) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi ұйым төлейдi.

Барлық меншiк нысанының иелерi бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында жануарларын iндетке қарсы мiндеттi iс-шаралар жүргiзу үшiн ветеринариялық қызмет мамандарына көрсетiп, жануарларын аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станцияларында тiркеуi қажет.

Мал iш тастаған, мерзiмiнен бұрын төлдеген, қағанақ кiдiрген жағдайда және бруцеллезге күдiк тудыратын белгiлер байқалған кезде, малды дереу табыннан оқшаулап, 50-16-81, 34-02-48 телефондары арқылы мемлекеттiк ветеринариялық қызметке хабарлау қажет.

Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары! Бруцеллез — адам мен жануарға ортақ аса қауiптi ауру. Қауiпсiздiк және бруцеллездiң алдын алу шараларын сақтаңыздар!

Наталья Тараканова,
СҚО әкiмдiгi
ветеринария
басқармасының
бөлiм басшысы