Ауыл шаруашылығы жануарларын сою қағидалары және бей-берекет сауда жасау қаупi туралы

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою қағидалары және бей-берекет сауда жасау қаупi туралы

Мал шаруашылығы өнiмiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сай келмейтiн орындарда союға жол берiлмейдi. Сондықтан өткiзiлетiн жануарлар ет өңдеу кәсiпорындарында, мал сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында ғана сойылады. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Ауыл шаруашылығы жануарларын сою қағидалары әзiрлендi, онда кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидалары айқындалған.

Малды сою пункттерiнде немесе ет өңдеу кәсiпорындарында сойған кезде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының немесе өндiрiстiк бақылау бөлiмшесiнiң мал дәрiгерi, сондай-ақ малды сою алаңдарында сойған кезде мал дәрiгерi:

  • союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына iлеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын тексередi;
  • ауыл шаруашылығы жануарында жеке нөмiрiнiң, ветеринариялық паспорттың және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорда немесе одан алынған үзiндi-көшiрмеде өткiзiлген ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер туралы мәлiметтердiң болуын тексередi;
  • сою алдында термометрия жүргiзе отырып, жануарды ветеринариялық қарап тексередi және ұшалар мен iшкi ағзаларды союдан кейiн ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткiзедi, сараптама актiсiн (сынақ хаттамасын) бередi, ұшаларды таңбалауды жүргiзедi.

Сою пункттерiнде немесе ет өңдеу кәсiпорындарында ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң диагностикасы және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелерi бойынша ветеринариялық зертханалардың сараптама актiсiнiң (сынақ хаттамасы) негiзiнде ветеринариялық анықтама ұшамен бiрге жүредi. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы берген ветеринариялық анықтамада сараптама актiсiнiң (сынақ хаттамасының) берiлген күнi мен нөмiрi көрсетiледi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында сойған кезде мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы берген жануарды сою алдында ветеринариялық қарап тексеру және ұшалар мен ағзаларды союдан кейiн ветеринариялық қарап тексеру нәтижелерi көрсетiлген ауыл шаруашылығы жануары келiп түскен аумақтың қолайлылығы туралы ветеринариялық анықтама ұшамен бiрге жүредi.

Сою алаңында ауыл шаруашылығы жануарларын сою нәтижесiнде алынған ұшалар мен ағзалар өткiзу алдында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтедi.

Жануарлардан алынатын өнiмдер (ет және ет өнiмдерi) мен шикiзатты iшкi сауда объектiлерiнде өткiзуге ауыл шаруашылығы жануарының талапқа сәйкес сойылғандығын растайтын ветеринариялық құжаттар болған кезде жол берiледi.

Мұндай iс-шаралар тұтынушылардың денсаулығы үшiн тамақ қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және өнiм сапасына кепiлдiк беруге бағытталған.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және ветеринариялық қызметтiң бақылауына алынбаған өнiмдi сатуға тыйым салынады.

Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары! Бiз мал шаруашылығы өнiмiн (ет, сүт, жұмыртқа) бей-берекет сату фактiлерiмен жиi кездесемiз.

Мұндай жерлерде сауда өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасын растайтын ветеринариялық құжаттарсыз, санитариялық нормаларды бұза отырып жасалады, сондай-ақ шыққан жерi белгiсiз өнiмдер сатылады.

Бей-берекет сауда орындарынан мал шаруашылығы өнiмiн сатып алу арқылы сальмонеллез, бруцеллез, паразиттiк ауруларды жұқтыру, сондай-ақ iшекке инфекция түсу және улану қаупiне ұшырайсыз.

Сақ болыңыздар, бей-берекет сауда орындарынан азық-түлiк өнiмдерiн сатып алмаңыздар!

Дамир Дәулетбаев,
СҚО әкiмдiгiнiң
ветеринария
басқармасының
бас маманы