Шошқалардың африкалық обасы жөнiндегi кеңес

Шошқалардың африкалық обасы жөнiндегi кеңес

Ресей Федерациясы Омбы облысының Березянка селосында шошқалардың африкалық обасының тiркелуiне байланысты инфекция қоздырғышын Солтүстiк Қазақстан облысының аумағына әкелу қаупi төнiп тұр.

Осыған орай 2020 жылғы 8 желтоқсанда СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының басшысы Б.А. Әлжановтың төрағалығымен инфекцияның алдын алу, облыс аумағына әкелiнуiне және таралуына жол бермеу шаралары туралы селекторлық кеңес өткiзiлдi.

Кеңес жұмысына Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi аумақтық иснпекцияларының, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкiлдерi, ветеринариялық станциялардың директорлары қатысты.

Аурудың облыс аумағында таралуына жол бермеу мақсатында шошқалардың африкалық обасының пайда болуының алдын алу, инфекцияның Ресей Федерациясының шекаралас субъектiлерiнен Солтүстiк Қазақстан облысының аумағына әкелiнуiне және таралуына жол бермеу бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық және шаруашылық iс-шаралардың кешендi жоспары әзiрлендi.

Барлық мүдделi облыстық және аумақтық қызметтер, «EMC-Агро» ЖШС, Тайынша ауданындағы шошқа өсiру кешенi инфекцияның әкелiнуiне жол бермеу бойынша қосымша қорғану шараларын қолдану туралы хабардар етiлдi, ветеринариялық-санитариялық бақылау, дезинфекциялау режимi, көлiк пен қызмет көрсетушi персоналды санитариялық өңдеу күшейтiлдi.

Халық арасында түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн шошқалардың африкалық обасының алдын алу жөнiнде ақпараттық материалдар (жаднамалар, плакаттар) әзiрлендi.

Кеңес қорытындысы бойынша бiрқатар тапсырмалар берiлдi.

Бүгiнгi күнi эпизоотиялық ахуал тұрақты және бақылауға алынды.