2020 жылғы 20 қарашадағы Солтүстік Қазақстан облысындағы құс тұмауы бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 20 қарашадағы Солтүстік Қазақстан облысындағы құс тұмауы бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 9 қыркүйек – 19 қараша аралығында 13 ауданда (65 елді мекен) және Петропавл әртүрлі үй құсының қырылғаны тіркелді, соның ішінде жеке үйлерде, ресми расталған ақпаратқа сәйкес «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-де және «Адель Кус» ЖШС-де.

Құстардың қырылуына қатысты жаңа дерек тіркелген жоқ. Бүгінгі күні ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, облыстың 12 ауданындағы 52 карантин бекетінің 42-сінен карантин алынды.

Иелеріне алып қойылған және жойылған құстың өтемақысын төлеу үшін орташа айлық нарықтық құнды айқындау жөніндегі облыстық комиссия құрылды.

Қыркүйек айында алып қойылған және жойылған 135 821 бас құс үшін 200 651 738 теңге өтемақы төленді, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарға 18 434 бас құсқа 81 599 771 теңге, «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-не 117 387 бас үшін 119 051 967 теңге төленді. Жұмыс жалғасуда.

Республикалық қордан 873 000 доза вакцина бөлінді, 628 301 бас құсқа вакцина егілді. Жұмыс аяқталды.

Карантин аясындағы барлық іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр.

Құс иелеріне жаднамалар таратылды, онда құстарды жабық типте ұстауға көшіруге, құстарды су қоймаларында жаймауға, жабайы және синантроп құстармен байланысын болдырмауға, құс ұсталатын орындарға жүйелі түрде механикалық тазалау және дезинфекция жүргізуге кеңес берілді.

Өңірде эпизоотиялық жағдай тұрақтанды.