
2026 жылғы 06 сәуірде Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Р.Н. Смағұлов ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов қатысты.
Жыл басынан бері облыста вакциналау еселігін ескере отырып, 1,2 млн.манипуляция жүргізілді, 300 мың бас жануар зерттелді.
2026 жылы ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Мал басының санын және ауыл шаруашылығы құралымдарының шоғырлануын ескере отырып, 2026 жылы Бәйтерек, Возвышенка, Қарақоға, Советское және Надежка ауылдарында 5 ветеринариялық пункт сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауданда мал қорымдарын салу, ветеринариялық көмекші жабдықтар сатып алу жұмыстары жалғасатын болады. «Акопян В.А.» ЖК-нің 1 сою алаңын меншікті қаражат есебінен сою пунктіне ауыстыра отырып реконструкциялау жоспарлануда.
Соңғы 3 жылда, сондай-ақ ағымдағы жылы аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттер тіркелмеген, эпизоотиялық жағдай тұрақты болып қалуда.