
Ағымдағы жылғы 25–27 ақпан аралығында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында азаматтық қорғаудың облыстық жануарларды қорғау қызметі көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға даярлықты тексеру бойынша іс-шаралар өткізді.
Аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары негізінде құрылған жануарларды қорғау командалары ауыл шаруашылығы жануарларын ықтимал су басу аймақтарынан эвакуациялау, оларды жемшөппен қамтамасыз ету және ветеринариялық қызмет көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Сондай-ақ көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою және оларды жою үшін ветеринариялық станциялардың күштері мен құралдарының, техникасының даярлығына тексеру жүргізілді.