Есіл ауданында мал шаруашылығы саласын жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өтті

Есіл ауданында мал шаруашылығы саласын жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өтті

2026 жылғы 13 ақпанда Есіл ауданында аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары В.А. Краснощек 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов қатысты.

Ағымдағы жылы ауданда эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу аясында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға 443 мыңға жуық вакцина егу және 103 мың диагностикалық және аллергиялық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

Қатысушылардың назарына жануарлар иелеріне арналған «Төрт түлік» мобилді қосымшасының функционалы туралы мәліметтер ұсынылды.

Мал басының санын және ауыл шаруашылығы құралымдарының шоғырлануын ескере отырып, 2026 жылы Заградовка, Николаевка, Корнеевка және Петровка ауылдарында 4 ветеринариялық пункт сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауданда мал қорымдарын салу, ветеринариялық көмекші жабдықтар сатып алу жұмыстары жалғасатын болады. «Мария села Корнеевка» ЖШС-ның 1 сою алаңын меншікті қаражат есебінен сою пунктіне ауыстыра отырып реконструкциялау жоспарлануда.

Сол күні басқарма басшысы аудан әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарымен бірге Явленка ауылындағы жеке кәсіпкер Шамшуменовтің сүт-тауарлы фермасына барды.