
2026 жылғы 3 қаңтарда Мамлют ауданы Мамлют қаласында аудан әкімі Е.Ф. Степаненконың төрағалығымен 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов қатысты.
Басқарма басшысы өз сөзінде Мамлют ауданы соңғы үш жыл ішінде жануарлардың аса қауіпті ауруларынан таза болғанын атап өтті. Соңғы бес жылдағы эпизоотиялық жағдайды талдау ІҚМ бруцеллезін анықтау жағдайларының жоқтығын көрсетті, бұл жүргізілетін профилактикалық, диагностикалық және аллергиялық іс-шаралардың тиімділігін растап отыр.
2025 жылы 308 мыңнан астам вакциналау және 80 мың диагностикалық зерттеу жүргізілді, сондай-ақ 15 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жануарларының төлі бірдейлендіріліп, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына енгізілді.
Сондай-ақ, кеңес барысында ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға жануарлар иелеріне арналған «Төрт Түлік» мобилді қосымшасының мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу аясында 2026 жылға Мамлют ауданында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына 364 мыңға жуық вакцина егу, сондай-ақ 68 мыңға жуық диагностикалық және аллергиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған.
2026 жылы ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын нығайту жұмысы жалғасады. Атап айтқанда, Дубровное, Белое және Воскресеновка ауылдарында үш ветеринариялық пункт сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, ауданда мал қорымдарын салу және көмекші ветеринариялық жабдықтар сатып алу жалғасады.