
2
2026 жылғы 27 қаңтарда Жамбыл ауданы Преснов ауылында аудан әкімі А.Б. Бектасовтың төрағалығымен 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов қатысты.
Жанат Қабижанұлы өз сөзінде аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттер жоқ екенін атап өтті. Соңғы бес жылдағы эпизоотиялық жағдайды талдау қорытындысы бойынша ірі қара мал бруцеллезінің анықталу деңгейі төмен болғаны байқалады, бұл жүргізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін көрсететіп отыр.
2025 жылы ауданда 428 мың вакциналау және 94 мыңға жуық диагностикалық зерттеу жүргізілді. Жануарларды есепке алу және бірдейлендіру бойынша жұмыс жалғасуда: «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына 28 мың бастан астам төл енгізілді.
Сондай-ақ, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы атап өтілді және жануарлар иелері үшін «Төрт Түлік» мобилдік қосымшасының мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
2026 жылға ауданда 460 мыңға жуық вакцина егу жұмыстары, 86 мың диагностикалық және аллергиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған. Бұдан басқа, Кладбинка, Благовещенка және Буденное ауылдарында үш ветеринариялық пункт сатып алу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ауданда мал қорымдарын салу, көмекші ветеринариялық жабдықтар сатып алу бойынша жұмыс жалғасатын болады.