
2026 жылғы 22 қаңтарда облыс әкімінің бірінші орынбасары М.И. Тасмағанбетовтің төрағалығымен өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігінің жай-күйі және 2026 жылға арналған жоспарлар жөніндегі алқа отырысы өтті.
Кеңесте ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов сөз сөйлеп, өңірдегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін атап, жүргізіліп жатқан ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар, ветеринариялық объектілердің (ветеринариялық пункттер, аудандық ветеринариялық станциялар, мал қорымдары) құрылысы және ветеринариялық көмекші жабдықтарды сатып алу жайында баяндады.
Ветеринариялық қызметтің 2026 жылға арналған негізгі міндеті – ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және сапалы жүргізу.
Осы жылы 2025 жылмен салыстырғанда вакцина егу көлемі 29%-ға немесе жануарлар мен құстарға вакцина егу бойынша 1,4 млн-нан астам манипуляцияға артты.
Сондай-ақ, 2026 жылы ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. 57 ветеринариялық пункт пен 2 аудандық ветеринариялық станция сатып алу жоспарланып отыр.
Ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту және ветеринариялық іс-шараларды уақтылы жүргізу өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін, қолайлы эпизоотиялық жағдайын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.