Салтанатты іс-шара

Салтанатты іс-шара

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ант қабылдау мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

2025 жылғы 06 қаңтарда СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасында алғаш рет қабылданған және сынақ мерзімінен ойдағыдай өткен мемлекеттік қызметші – профилактика және ветеринариялық іс-шаралар жүргізу бөлімінің бас маманы Анастасия Валерьевна Генрихс салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.

Басқарма басшысы Жанат Қабижанұлы Әміржанов құттықтау сөз сөйледі.

Мемлекеттік қызметте табыс, алға қойған мақсаттарға жетуде сәттілік тіледі.