2025 жылғы 15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы қаңғыбас жануарлардың санын реттеу және оларға жауапкершілікпен қарау мәселесі жөнінде дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қаңғыбас жануарлардың санын реттеуге кешенді түрде және ізгілікпен қараудың, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың бірлесіп жұмыс атқаруының маңыздылығын атап өтті.