құқықтық жалпыға бірдей оқыту

құқықтық жалпыға бірдей оқыту

2025 жылғы 3 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясы өкілінің қатысуымен аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станцияларының мамандары үшін онлайн-конференция (Zoom) форматында құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді. Қатысушылар аквашаруашылық субъектілері үшін ветеринариялық анықтамалар беру, «Еттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы» модулінің жұмысы, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ жұмысының қағидалары бойынша мәселелерді қарады.

 🔹 Ветеринария басқармасының бас маманы Б.М. Жұмабекова аквашаруашылық субъектілері үшін ветеринариялық анықтамалар беру қағидаларын түсіндірді. 2025 жылғы 13 тамыздан бастап «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға енгізілген түзетулер күшіне енді, оған сәйкес аквашаруашылық субъектілері үшін балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру көзделмеген.

 🔹 ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы А.Ж. Сатимирова мал сою объектілері үшін «Еттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы» модулі жұмысындағы өзгерістер туралы баяндады.

 🔹 Ветеринария басқармасының бас маманы Д.Т. Бекетов кеңес қатысушыларына «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ қалыптастыру және жүргізу қағидаларын түсіндірді, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою және есептен шығару, мәліметтерді өзектендіру (түзету) мәселелері қаралды. 

 Семинар барысында «Басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі», «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ семинар қатысушылары қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.