Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

2025 жылғы 20 қарашада СҚО әкімдігі ветеринария басқармасы басшысының м.а. О.Ә. Болыспаев облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен болған «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күніне» қатысты.

Қызылжар ауданы Шаховское ауылының тұрғындары үй құстарының өлім-жітіміне қатысты мәселемен жүгінді. Құс иелеріне «Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға» сәйкес қолданылып жатқан шаралар туралы түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Преснов ауылының тұрғынына «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес иттердің санын реттеу мәселесіне қатысты түсініктеме берілді.

Бұл мәселелер Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшылығының бақылауында.