Жаңалық

Жаңалық

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 14 қыркүйектегi № 412 Жарлығымен ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар бөлiмiнiң бас маманы Жұмабекова Баян Мұратқызы мен профилактика және бiрдейлендiру бөлiмiнiң бас маманы Дәукенов Еркiн Қамидоллаұлы «Халық алғысы» медалiмен марапатталды. Мұндай медальмен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау салаларында жемiстi жұмыс iстейтiн, сондай-ақ коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар марапатталады. 

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi ветеринария басқармасының мамандары пандемия басталғаннан берi қаланың блок-бекеттерiнде тәулiк бойы өз қызметтерiн тиiсiнше атқарды.

Басқарма басшысы мамандарды салтанатты түрде марапаттап, еңбекте табыс тiледi.