СҚО Қызылжар ауданында жануарлардың аса қауіпті аурулары, атап айтқанда, құстардың Ньюкасл ауруын жою бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтті

СҚО Қызылжар ауданында жануарлардың аса қауіпті аурулары, атап айтқанда, құстардың Ньюкасл ауруын жою бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы арасындағы Келісім аясында әзірленген Қазақстан Республикасы ветеринариялық қызметінің 2025 жылға арналған симуляциялық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 24-26 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында құстар арасында Ньюкасл ауруының өршуін тоқтату жөніндегі іс-шараларды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің Бәйтерек ауылы аумағында құстар қырылады, биологиялық материалды зерттеу кезінде құстардың Ньюкасл вирусы анықталады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті үйлестіретін іс-шаралар аясында өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтау және Солтүстік Қазақстан облысы ветеринариялық қызметінің аумақтық органдарының қауіпті аурулардың ықтимал ошақтарын жоюға дайындық деңгейін бағалау мақсатында оқу-жаттығулар өткізілді.

Іс-шараны өткізу үшін СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары жұмылдырылды. Оқу-жаттығулар барысында төтенше жағдайлар, ішкі істер және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатылды. Жалпы алғанда, оқу-жаттығуларға 41-ден астам ветеринар маман қатысты, ал оларды қамтамасыз ету үшін 11-ден аса автокөлік жұмылдырылды.

Оқу-жаттығулар нәтижесінде тәжірибелік дағдылар алынды:

  • Құстарда Ньюкасл ауруының өршуін тоқтату кезінде дала жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу: оның ішінде қажетті іс-шараларды күшейту, инфекция ошағының шекарасын айқындау және оны жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу.
  • Қауіп-қатер аймағында профилактикалық іс-шаралар жүргізу.
  • Дезинфекциялауға арналған заманауи жабдықпен жұмыс істеу және заманауи жеке қорғану құралдарын пайдалану (ЖҚҚ).

Оқу-жаттығулар нәтижесі бойынша:

  • Ветеринариялық қызметтің құстардың Ньюкасл ауруының өршуіне ден қоюға даярлығы.
  • Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ДЖДСҰ) ұсынымдарына сәйкес ұлттық ветеринариялық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру арқылы Ньюкасл ауруының таралуын бақылауды күшейту мүмкіндігі дәлелденді.