2020 жылғы 2 қазанда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.И. Тасмағанбетовтiң төрағалығымен өңiр аумағында аса қауiптi құс тұмауы ауруын жою және оның одан әрi таралуына жол бермеу жөнiнде жедел штаб отырысы өткiзiлдi.
Бүгiнгi күнi облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен 11 ауданның 29 елдi мекенi карантинге жабылды.
Тiрi құс пен құс шаруашылығы өнiмдерiн карантин аймағынан алып өтуге тыйым салынды. Жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринариялық қызметi мен республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың күшiмен карантин белгiленген елдi мекендерде дезинфекциялау тосқауылдары орнатылды.
Инфекция ошағынан 20 км радиустағы жеке аулаларда үй құстарына вакцина егiлiп жатыр. Сондай-ақ елдi мекендерде құс саны бойынша дұрыс деректер жоқ екенiн атап өткен жөн, бұл вакцина егудi сапалы түрде жоспарлауға кедергi келтiредi.
Жедел штаб мүшелерi құс тұмауы бойынша карантин аясында iс-шаралар өткiзуге қатысты одан арғы шараларды талқылады.
«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ басшысы Б.А. Әлжанов облыс аумағындағы жоғары патогендi құс тұмауы бойынша эпизоотиялық ахуал туралы баяндама жасады.
«ҚР АШМ ВБ және ҚК Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы М.Қ. Ыбыраев ауру ошақтарын жою барысы туралы баяндама жасады.
ҚР АШМ ВБ және ҚК Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының басшысы Н.Ж. Шәрiпов құстарды алу және жою бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, ауру ошақтарында дезинфекция жүргiзiлуi, халыққа алып қойылған құс үшiн өтемақы төлеуге құжаттар жинау тәртiбi жөнiнде баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша жедел штабтың барлық мүшелерiне бiрқатар тапсырмалар берiлдi.