2025 жылғы 16 шілдеде облыс орталығында ветеринариялық қызметкер күніне орай салтанатты іс-шара өтті, онда облыстың ветеринария қызметінің үздік қызметкерлері марапатталды.
Салтанатты шараға қатысушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов құттықтап, олардың еңбегінің мәні мен маңызын баса айтты. Өз құттықтау сөзінде мал дәрігерлері кез келген сын-қатерге жедел ден қоя отырып, өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты міндетті атқарып отырғанын атап өтті.