Жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын союды кейіннен өткізу үшін ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетін сою объектілерінде ғана жүзеге асыру қажет (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері, сою алаңдары).
Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық ілеспе құжаттар (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болған кезде, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірлері мен құлақ белгілері бар, «АШЖБ» базасында тіркелген және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтер болған кезде союға рұқсат етіледі.
Сою объектісінде ветеринариялық дәрігер жануарларды сою алдында тексеру, ұшалар мен органдарды союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптау, ұшаларды таңбалау және сараптама актісін беру жүзеге асырылады.
Азық-түлік қауіпсіздігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын растау шеңберінде оны сауда желісіне өткізу ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бар ветеринариялық анықтама болған кезде жүргізіледі.
Мұндай iс-шаралар тұтынушылардың денсаулығы үшiн тамақ қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және өнiм сапасына кепiлдiк беруге бағытталған.
Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және ветеринариялық қызметтiң бақылауына алынбаған өнiмдi сатуға тыйым салынады.
Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары! Бiз мал шаруашылығы өнiмiн (ет, сүт, жұмыртқа т.б.) бей-берекет сату фактiлерiне жиi тап боламыз.
Мұндай жерлерде сауда өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасын растайтын ветеринариялық құжаттарсыз, санитариялық нормаларды бұза отырып жасалады, сондай-ақ шыққан жерi белгiсiз өнiмдер сатылады.
Бей-берекет сауда орындарынан мал шаруашылығы өнiмiн сатып алу арқылы сальмонеллез, бруцеллез, паразиттiк ауруларды жұқтыру, сондай-ақ iшеке инфекциясы түсу және улану қаупiне ұшырайсыз.
Сақ болыңыздар, бей-берекет сауда орындарынан азық-түлiк өнiмдерiн сатып алмаңыздар!