Өңірімізге ветерианр мамандарды тарту мақсатында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов Шымкент қаласына және Түркістан облысына іс-сапармен барып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ветеринария» мамандығы түлектерімен және Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық университеті студенттерімен кездесті.
Сондай-ақ, Түркістан облысының ветеринария басқармасы және облыстық ветеринарлық станциясы ұжымымен жолығып, өндірістік бақылау нысандары мен малдарды бордақылау алаңдарын аралады.
Сонымен қатар, облыстық колледж түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесіне құатысты.
Басқарма басшысы болашақ мал дәрігерлеріне Солтүстік Қазақстан облысының презентациясын көрсетіп, ветеринариялық қызметтің күнделікті жұмысы мен болашағы туралы кеңінен айтып өтті.
Түлектер алған ақпаратқа қызығушылық танытып, өңірлердегі шаруа қожалықтары мен ветеринариялық пункттерге жұмысқа орналасуға ниет білдірді.