
1971 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында туған. 1989 жылы Петропавл қаласындағы А.М. Горький атындағы № 7 орта мектепті бітірді. 1994 жылы Омбы мемлекеттік ветеринариялық институтын тәмамдап, ветеринариялық дәрігер мамандығын алды.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Петропавл бройлер құс фабрикасы» АҚ бас цехының ветеринариялық дәрігері болып бастады. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 1996-2014 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы аумақтарды қорғау, даярлау және оқыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2015-2020 жылдар аралығында Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау секторының бас маманы болып еңбек етті.
2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің басшысы лауазымын атқарып жүр.