Дипломдарды салтанатты түрде тапсыру

Дипломдарды салтанатты түрде тапсыру

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжде ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры Александр Степанович Викторенконың атындағы алғыс хаттар мен дипломдарды табыстаудың 24-ші жыл сайынғы салтанатты табыстау рәсімі өткізілді.

Александр Степанович Викторенко Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ольгинка селосының тумасы. 1-ші сыныпты әскери ұшқыш, 3-ші сыныпты ұшқыш-сынаушы, парашютті-десантты дайындықтың нұсқаушысы, 1-ші сыныпты ғарышкер. 10 астам ұшақтарды меңгерген, 150-ден астам парашютпен секіру жасаған. Кеңес Одағының батыры «Алтын Жұлдыз» медальімен, Ленин орденімен, Қазан революциясы орденімен, Халықтар Достығы орденімен, «Отанға сіңірген еңбегі үшін» ІІІ дәрежелі орденімен, медальдармен марапатталған.

А.С. Викторенконың 4 ғарыштық вахтасы 1995 жылы біздің жерлесімізге ғарышта болудың ұзақтығы бойынша әлемдік «қола» әкелді. Оның ғарышта болуының жалпы ұзақтығы 489тәулік 01 сағат 35 минут 17 секундты құрады.

Александр Степанович білім, батылдық пен табандылық кез келген асуларды, оның ішінде жердің тарту күшін де жеңе алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Біздің колледждегі оның атындағы сыйақы – тек марапат қана емес.

Бұл – студенттердің жоғары белестерге жету ынтасының, олардың еңбегінің, таланттары мен мақсатқа жетудің белгісі. Биыл 30 астам студент,20 оқытушы және әлеуметтік серіктестер осы марапатпен атап өтілді.