2025 жылдың 14 мамырында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ – де кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Ашық есік күні» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара колледжде дәстүрлі мерекеге айналды және Ақжар ауданындағы мектеп оқушыларының колледжімізге келуге шақыруды қабыл алғаны өте қуаныштымыз.
Іс-шараны колледж директоры Ж.К. Сакимова ашты. Жібек Қарбайқызы өз сөзінде келешекте көкірегі ояу, біліктілігі жоғары, даму болашағы бар, өзін ұйымдастырушы ретінде көрсете алатын, жаңа рационализаторлық ұсыныстарды жүзеге асыра алатын, техникалық құралдарды ойлап таба алатын, сонымен қатар қарапайым механикалық жұмыстарды орындауға қабілетті мамандар өте қажет екенін атап өтті.
Келесі кезекте балалар колледжіміздің даму тарихымен, колледждің дайындап жатқан мамандықтарымен, ұстаздар мен студенттердің жетістіктерімен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға экскурсия ұйымдастырып, жатақхананы, оқу кабинеттерін, зертханалар мен шеберханаларды көрсетті. Жол қозғалысы ережелерін білу бойынша «Бағдаршамның тас жолы» сайысы өткізіліп, тілек білдірушілер «XXI ғасыр көшбасшысы» және «Тағам палитрасы» интеллектуалды ойындарында өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді.
Шара соңында қорытынды шығарылып, белсенділік танытқан балалар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Қоштаса отырып, балалар колледжге деген ақ тілектерін жазды.
«Ашық есік күні» – мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысының бір түрі, ол оқу орнымен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, оқу-тәрбие процесінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді.