«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында 2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бұдан әрі - ТжКББ) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға қажеттілік көлемі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының сайтында орналастырылған.
ТжКББ-мен кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген 7-қосымшасында нарық қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы» КММ-не ұсынады.
Процестің сипаттамаларын, қызмет көрсетудің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларда келтірілген.
2025-2026 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 12 мамырдан бастап 23 мамырды қоса алғанда ұсынылады.