«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті»

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті»

2025 жылғы 30 сәуірде Астанада Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Қазақстан Республикасының ТОП-100 колледж студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Білім министрлігі ұйымдастырған ауқымды шараға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам дарынды, болашағы зор студенттер жиналды. Жобаны «Талап» ҰАО жүзеге асырды.

Байқаудың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың кәсіби өсуіне ықпал ету және Қазақстан экономикасының кадрлық резервін қалыптастыру. Бұл байқауға ОҚО-дан әр саладан он студент қатысты. 10 оқушының ішінен 6 оқушымыз Қазақстан Республикасының ТОП-100 үздік оқушысының қатарына енді.

«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қолдау көрсетті. Бүгін азаматтық жауапкершіліктің белгісі ретінде ТОП-100 студент «Бірлік пен келісім» саябағында ағаш көшеттерін отырғызды.