24 сәуір күні облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің базасында «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау» атты тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара өңірдің ПМПК мамандары мен басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар қатысушылары балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау мен бағалаудың әртүрлі аспектілеріне үңілді. Ашық диалог және практикалық жұмыс форматында ОПМПК мамандары құнды тәжірибелерімен бөлісті, өзекті кәсіби міндеттерді талқылады және бірлесіп оларды шешу жолдарын іздеді.
Семинар тәжірибе алмасу, кәсіби қарым-қатынас және шабыт алу үшін тиімді алаңға айналды. Ол білім багажын толықтырып қана қоймай, облыстың әртүрлі аудандарының мамандары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.