2025 жылдың 16-17 сәуір аралығында Көкшетау қаласында «Құтқару жұмыстары» құзыреті бойынша WorldSkills AGMOLA-2025 аймақтық байқауы өтті. WorldSkills чемпионаты жас мамандарды дамыту және олардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру үшін маңызды ынталандыру болып табылады.
Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің құрама командасы, арнайы пән оқытушылары Б.Е. Асқарбеков пен С.А. Шакабаевтың жетекшілігімен осы іс-шараға қатысып, құрметті 2 орынды иеленді.
Бұл байқау кәсіби дағдыларын көрсетуге, байланыс орната білуге,болашақ мамандығына қадам жасауға мүмкіндік береді.