2024 жылдың 7 қарашасында Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында «Экологияның қазіргі мәселелері және оларды шешу жолдары» Халықаралық экологиялық жобалар фестивалі өтті.
Фестивальге еліміздің әр өңірінен және Ресей Федерациясынан барлығы
69 студент қатысты.
Іс-шара білім алушыларды іздену-зерттеу әрекетіне баулу, тәжірибелік маңызы бар мәселелерді шешумен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.
Фестивальдегі жұмыстарды бағалау үшін арнайы сарапшылар шақыртылды:
Гарилов Павел Андреевич - «СЕВЕРЭЛЕКТРО» ЖШС директоры, Кангужина Касия Мырзахметқызы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің еңбек сіңірген профессоры, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы, биология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, Красноженов Сергей Геннадьевич – «Форвард Строй» ЖШС басшысы, Данилов Юрий Александрович – педагогикалық еңбек ардагері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин атындағы» төсбелгісінің иегері, Касенова Әсел Игілікқызы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, биология ғылымдарының магистрі. Абдин Дамир Балташұлы – Петропавл қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы, Дмитриев Павел Станиславович – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, «География және экология» кафедрасы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Тоқсанбаев Нариман Советұлы – Петропавл қаласы Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы, Куревлев Андрей Александрович – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Әбілмәжінова Шолпан Қазбекқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің, «Мамандыққа адалдығы үшін» екі медалінің иегері және колледж оқытушылары қатысты.
Фестиваль онлайн және офлайн форматта өтті.
Іс-шара барысында келесі бағыттар бойынша экологиялық проблемаларды шешу жолдары талқыланып, ұсынылатын маңызды экологиялық мәселелер бойынша белсенді диалог алаңына айналды:
«Құс кафесі» экологиялық жобалар фестивалінің форматы үшін ерекше болды.
Аталмыш іс-шара аясында колледж студенттері ағаштан жасалған түпнұсқа құс ұяларын ұсынды.
Экологиялық жобаларды қорғау аяқталған соң сарапшылар жеңімпаздарды анықтады.
Экологиялық фестиваль қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа бастамалар мен жобалардың бастауы болды.
Іс-шараны МТРК және «Бірінші Солтүстік» ТВ телеарналары көрсетті.