"Таза Қазақстан" акциясы

"Таза Қазақстан" акциясы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы туралы айтты.

Ол елімізде көктемнен бастап "Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске салды.

Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Бұл, президент атап өткендей, "уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс".

Ал біздің облыс шетте қалмады. ТжКБ ұйымының еріктілері 3 қыркүйекте "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Clear-FEST"спорттық-экологиялық марафонына қатысты. Акцияны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Бұл күні 1000 кг-нан астам қоқыс жиналды.

Бұл марафон болғандықтан 1,2,3 орын алған командалар болды. Соңында қатысушылар дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар алды.

"Таза Қазақстан" республикалық акциясына қосылуға шақырамыз. Бірігіп, қаламызды таза етейік!