2024 жылғы 25 мамырда білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.
Әр жылдары «Үздік педагог» атағын алған және педагог-шебер біліктілік санаттары бар облыс педагогтеріне Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың атынан «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі берілді:
Бақыт Ерікқызы Алдабергеневаға, СҚО, Қызылжар ауданының «Парасат мектеп-лицейі» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, химия және биология пәнінің мұғалімі;
Зухра Нұрмолдақызы Ауғанбаеваға, СҚО, Петропавл қ. «Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицей» КММ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Ерлан Жұмабекұлы Букеновке, СҚО Айыртау ауданының «Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
Гүлнәр Кауқанқызы Жанмұхановаға, СҚО Жамбыл ауданы «Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия және биология пәнінің мұғалімі;
Елена Николаевна Земляковаға, СҚО Петропавл қ. «Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ мектеп-лицей» КММ физика мұғалімі;
Жадыра Сабыржанқызы Қаржауоваға, СҚО Петропавл қ. «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гииназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Конюша Надежда Николаевна, СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының «№1 Новоишим орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
Алексей Владимирович Кособоковқа, СҚО Шал ақын ауданының «Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, биология пәнінің мұғалімі;
Мәкен Ерлан Зәйтөнұлына, СҚО, Петропавл қ. «Дарын» мектеп-лицейі» КММ директоры, тарих және география пәнінің мұғалімі;
Целуйко Наталья Федоровна, СҚО Петропавл қ. «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
Облыс педагогтерінің білім беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі, жоғары кәсіби жетістіктері, оқушыларды олимпиадаларға, конкурстарға дайындаудағы жетістіктері және олардың шығармашылық белсенділігін дамытқаны үшін жоғары наградаға ие болды.
Шын жүректен лайықты марапатпен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!