«Золотой саквояж – 2024»

«Золотой саквояж – 2024»

26-27 наурызда Тюмень қаласында «Тюмень көлік технологиялары және сервис колледжі» ГАПОУ базасында Ресей, Беларусь Республикасының студенттері қатысқан «Золтой саквояж-2024» студенттік бизнес-идеялардың халықаралық фестивалі өтті. Қазақстаннан жалғыз өкіл Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті Ильиненко Максим болды, ол іріктеу кезеңінен өтіп, «Сайттың әмбебап шаблоны» жобасымен «IТ сфера» бизнес - идеясы бағыты бойынша финалдық (күндізгі) кезеңге қатысты. Фестивальдің ұйымдастырушылары Тюмень облысының Білім және ғылым департаменті, Тюмень облысының кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлар кеңесінің қолдауымен «Батыс Сібір инновациялық орталығы» ГАУ ТО болды. Фестивальдің мақсаты-жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастыру бойынша үздік студенттік бизнес-идеялар мен тәжірибелерді анықтау, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағыттарын танымал ету. Максим «IТ сфера» бағытында «Бизнес-идеялардың практикалық маңыздылығы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.