Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі

Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі

2024 жылғы 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де республиканың әрбір елді мекенінің барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде домбыраның күмбірлеген үні естіледі.

Домбырашылар челленджі республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.

Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны танымал ету.

Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші отанына мақтаныш пен тиесілік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акция.

Осыған орай СҚО-ның барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары «КҮЙ КҮМБІРІ» атты челленджіне қатысты.