2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысының колледждеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қалай түсуге болады

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысының колледждеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қалай түсуге болады

20 маусым мен 29 тамыз аралығында ТжКБ ұйымында білікті жұмысшы кадрларды даярлауға оқуға өтініштер қабылдау жүзеге асырылады, 25 маусым мен 18 тамыз аралығында негізгі орта білім беру базасында, 25 маусым мен 20 тамыз аралығында жалпы орта білім беру базасында, 25 маусым мен 15 тамыз аралығында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы ТжКБ ұйымына (бұдан әрі – қызметті беруші) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Конкурс педагогикалық, медициналық мамандықтарға, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін білім туралы құжатқа сәйкес талапкерлерді міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың орташа конкурстық ұпайы бойынша автоматты түрде бөлу арқылы білім басқармасының ақпараттық жүйесі (білім және ғылым, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыретіндегі ТжКБ ұйымдарын қоспағанда), білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бағаларының (баллдарының) және ТжКБ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып алынған бағалардың (баллдардың) орташа баллы бойынша өткізеді.

Құжаттарды (egov.kz) электрондық үкімет порталына авторизациялай отырып беру қажет немесе тікелей колледжге хабарласу арқылы.

Талапкерлер 4 оқу орнына дейін және 4 мамандық пен біліктілікке дейін таңдау арқылы орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандарына өтініш бере алады. Бұл талапкерлерге мемлекеттік тапсырыс бойынша орын алу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Түсу емтихандары өзгертілді, ал конкурс автоматтандырылған режимде білімі туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық баллы бойынша бөлу жолымен өткізіледі (9-сынып үшін: қазақ (орыс) тілі, 2 пән мамандық бейіні бойынша. 11-сынып үшін: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, 2 пән мамандық бейіні бойынша).

Педагогикалық мамандықтар, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу қарастырылған оқуға түсушілер ерекшелік болып табылады.

Квота санаты үшін растайтын құжаттарды (1, 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын ауыл жастары, жетім балалар, көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалар, «қандас» санатындағы балалар) ұсыну қажет.

Жұмысшы біліктіліктері (аспазшы, тігінші, дәнекерлеуші, сантехник және т.б.) бойынша оқуға тікелей колледжге өтініш беретін, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау, инклюзивті топтар конкурстан тыс, колледжде әңгімелесу арқылы қабылданады.

Егер талапкердің сұрақтары болса, ол әрдайым таңдалған колледжге жүгіне алады, онда 20 маусымнан бастап қабылдау комиссиялары жұмыс кестесі сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс – жексенбі, мереке күндері. Колледждердің мекен-жайлары мен байланыстарын Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ресми сайтынан табуға болады.

ТжКБ ұйымдарының қабылдау комиссиясы 2023-2024 оқу жылы. 

Оқу орны

Жұмыс тел.,

ұялы тел

Комиссияның жұмыс кестесі

1

«Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК

33-03-14

87712896220

Дүйсенбі-жұма

9:00-18:00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ.

Сенбі 9.00-13.00 сағ.

2

«Солтүстік-Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК

37 21 35

87716609006

Дүйсенбі-жұма

9:00-18:00 сағ.

түскі ас 13.00-14.00 сағ.

Сенбі 9.00 -13.00 сағ.

 

3

«Солтүстік Қазақстан облыстык олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» КММ

51-32-93

87051417204

Дүйсенбі-жұма

9.00-17.00 сағ.

түскі ас 13.00-14.00 сағ.

Сенбі 9.00-13.00 сағ.

4

«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжі» КМҚК

87154323208

87055114824

 

Дүйсенбі-жұма

 9.00- 18.00 сағ.

5

Новоишимка аграрлық-техникалық колледжі» КММ

8-715-35-20-6-45

 8-775-48-77-506

Дүйсенбі-жұма

09.00-18.00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ.

6

Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖК КМК

39-92-24

87773201658

 

Дүйсенбі-жұма

09.00-18.00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ..

 

7

«Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжі» КММ

8-715-33-27-594

87026590608

Дүйсенбі-жұма

9:00 -18:00 сағ.

 

8

«Солтүстік-Қазақстан университеті колледжі» МЕББМ

33-44-35

31-06-24

8-705-621-82-54

Дүйсенбі-жұма

9:00-18:00 сағ.

Сенбі 9:00-14:00 сағ.

 

9

«Петровка аграрлы-техникалық колледжі» КММ

87154324775

 87779210658

Дүйсенбі-жұма

9:00 -18:30 сағ.

түскі ас 13:00-14.30 сағ.

10

«Гуманитарлық-техникалық колледжі» МЕББМ

42-37-20

42-37-23

87057563793

Дүйсенбі-жұма

9:00-18:00 сағ.

(үзіліссіз)

Сенбі 09.00-13.00 сағ.

11

«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ

 331292

 87059156101

Дүйсенбі-жұма

9:00-18:00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ..

.

12

«Аққайын ауданының аграрлық колледжі» КММ

87153225638

87751811906

Дүйсенбі-жұма

9:00- 18:00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ.

13

«Тимирязев агротехникалық колледжі» КММ

87153720109

87051783618

Дүйсенбі-жұма

 09:00-18:00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ..

14

«Тайынша агробизнес колледжі» КММ

87153623097
87759720859





Дүйсенбі-жұма

09-00 -18-00 сағ.

 

15

 «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі» ЖШС

 

8 (71533) 51-053

8 775 579 48 76

8 705 710 91 60

Дүйсенбі-жұма

09-00 -18-00 сағ.

Сенбі-жексенбі

 9.00 - 13:00

16

«Солтүстік-Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» ЖМ

87152-33-31-21

8-747-196-59-66

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 17.00 сағ.

Сенбі

9.00 ч. - 13.00 сағ.

 

17

«Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК

87772826559

87152512948

Дүйсенбі-жұма

9.00- 18.00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ.

Сенбі 9.00-13.00 сағ.

18

«Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ

87154631-594

87076158407

Дүйсенбі-жұма

 9.00 – 18.00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ.

19

«Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжі» КММ

87153121182

87053210296

Дүйсенбі-жұма

 9:00 -18:00 сағ.

 

20

«Ескендір Дәуітов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ

871524600319

+77775129582

Дүйсенбі-жұма

9.00-18.00 сағ.

Сенбі 9.00-13.00 сағ.

 

21

«Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС

87153821660

87773281704

 

Дүйсенбі-жұма

 9.00 – 18.00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ.

22

«Петропавл кәсіптік колледжі» КММ

87152-475751

87052650685

Дүйсенбі-жұма

9.00 – 17.30 сағ.

23

«Уәлиханов ауылшаруашылық колледжі» КММ

87154221643

87781416330

Дүйсенбі-жұма

 9:00-18:00 сағ.

түскі ас 13:00-14.00 сағ

24

«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК

87773355997

8 (7152) 49-42-45

 

Дүйсенбі-сенбі

 9:00-18:00 сағ.

түскі ас 13.00 - 14.00 сағ.