IQanat – Қазақстанның ауыл мектептері үшін бірегей мүмкіндік

IQanat – Қазақстанның ауыл мектептері үшін бірегей мүмкіндік

2023 жылдың 18 наурызында ауыл мектептерінің 8 сынып оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті.

IQanat – ауыл балаларын қолдау ниетімен біріккен 100-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер қолдау көрсететін республикалық әлеуметтік - білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған мектеп оқушылары мотивация мен қосымша білім алады, ал жүздеген оқушы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсуде.

 Біздің облыста барлық 13 ауданның 220 оқушысы олимпиаданың 2 кезеңінің қатысушысы атанды.

Екінші кезеңнің жеңімпаздары 2023 жылдың жазында елордада өтетін ақтық кезеңге жиналады.

Финалдың барлық жеңімпаздары Қазақстандағы ең мықты дарындыларды дамыту мектептерінің бірі – IQanat High School of Burabay мектебінде оқу үшін әлеуетті гранттарға ие болады. Барлық жеңімпаздарға олимпиададан кейінгі 3 жылдық қолдау бағдарламасы, ҰБТ-ға дайындық және Қазақстанның, шетелдің үздік жоғары оқу орындарына түсу, ең бастысы ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру курстары: көшбасшылық, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық және т.б. қарастырылған.