Информация

Информация

3 наурызда басшы Н.А. Жашибеков Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында «Арнайы мектептік білім беру ұйымдарын жабдықтау» жобасының тұсаукесеріне қатысты.

Қайырымдылық жобасының мақсаты – арнайы мектептерді заманауи жиһаздармен және оқу жабдықтарымен жаңарту.

Кабинеттерде заманауи және ыңғайлы жиһаздар, компьютерлер, интерактивті панельдер, станоктар мен шеберханаларға арналған жабдықтар пайда болды. Жаңа тактильді-дамыту және сенсорлық жабдық, соңғы модификациядағы сөйлеу тренажерлері балалардың қалпына келуіне және оңалтылуына көмектеседі.

Осындай құрал-жабдықтармен 4 арнайы мектеп жабдықталған, жобаның құны шамамен 80 миллион теңгені құрайды.

Тұсаукесерге Айсағалиева София Серікбайқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасы төрағасының орынбасары; Русина Александра Григорьевна – «Kazdidac» қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары; Исимбаев Еркін Тұрашұлы – «Kazdidac» білім беру технологиялары орталығының директоры, Тағаниязов Нұржан Миржанұлы –Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а..

Презентацияға қатысушылар атап өткендей, оқу процесінде заманауи оқу-түзету-дамыту жабдықтарын пайдалану ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бұл жоба тағы 3 мектепте жалғасын табады.