5 желтоқсанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік Еріктілер күні атап өтіледі.
Бұл мерекені қоғамға күш пен уақытты аямай, ақысыз көмектесетіндердің бәрі атап өтеді.
Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің волонтерлеріне Виктория Комарова, Дмитрий Иванов, Никита Ерленко, Диана Башкатова, Мұрат Рахат, Алдияр Сағыновқа іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасынан алғыс хаттар табыс етілді.
Барлық ниет білдірушілерді, белсенді жастарды еріктілер қатарын толықтыруға шақырамыз, себебі бұл азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайындығының көрсеткіші!