«Автомобильдерді диагностикалаудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру» облыстық шеберлік сыныбы

«Автомобильдерді диагностикалаудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру» облыстық шеберлік сыныбы

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 2022 жылғы 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ жүйесінің педагогтеріне автокөлікті заманауи жабдықта диагностикалау бойынша практикалық іс-қимылдарды көрсету мақсатында «Автомобильдерді диагностикалаудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру» облыстық шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныбына 30 оқытушы, өндірістік оқыту шеберлері және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Гуманитарлық-техникалық колледждің, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің, Петровка аграрлық-техникалық колледжінің студенттері, сондай-ақ «ВиВаГа-Лада» ЖШС өкілі қатысты. Рефлексия барысында қатысушылар өткізілген іс-шараға қанағаттанушылықтарын білдірді. Колледж директоры қорытындылап, қатысушыларға сертификаттар табыс етті.