Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің Құрылыс бөліміне 55 жыл

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің Құрылыс бөліміне 55 жыл

2022 жылдың 25 қарашасында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «Құрылыс саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары: инновациялар, жаңғырту және энергия тиімділігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы, құрылыс ұйымдарының басшылары қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар және Ресей Федерациясының колледждері арасында тәжірибе алмасу болды. Павлодар облысы білім басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК мен «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК арасында ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру, жаңа біліктіліктерді дайындау және одан әрі даму перспективалары бойынша жаңа міндеттер белгіленді. Конференция соңы мерекелік концертке ұласты. Педагогикалық еңбек ардагерлері, оқытушылар, колледждің әлеуметтік серіктестері мен студенттері Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттарымен марапатталды.