Пікірсайыс турнирі

Пікірсайыс турнирі

17 қарашада Балалар жылы аясында ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған пікірсайыс турнирінің аймақтық жоспары аясында пікірсайыс турнирі өткізілді. Бұл шараға аудан, қала колледждері қатысты.

Өткен пікірсайыс турнирінің нәтижесінде 1-орын алған колледждер желтоқсан айында өтетін қалалық турнирде кездеседі

Финалға өткен аудандық командалардың тізімі:

  • «Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ «JASTAR» командасы
  • «Кәсіби оқыту және сервис колледжі» КММ «Полемика» командасы
  • «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ «Отан» командасы

Финалға өткен қалалық командалардың тізімі:

  • «Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» КММ «Феникс» командасы
  • «Гуманитарлық-техникалық колледж» Ұлттық білім беру мекемесінің «Саясаткер» командасы
  • КГКП «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» «2*2=5» командасы (rus.gr)
  • КГКП «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» «Speechka» командасы (kaz.gr)