Жұмыс беруші күні

Жұмыс беруші күні

2022 жылғы 15 қарашада облыстың барлық колледждерінде «Жұмыс берушілер күні» мерекесіне орай әлеуметтік серіктестіктердің, басшылардың, жұмыс берушілер қауымдастығы өкілдерінің, өндірістік кеңес өкілдерінің және демеуші кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті.

Бұл шара облыстағы еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Жұмыс берушілер күні аясында колледждерге оқу сапарлары, сондай-ақ «Академиялық тәуелсіздік аясында жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл» кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша интерактивті алаң, сәндік-қолданбалы өнер, техникалық өнер көрмелері, шеберлік сағаттар өткізілді. Шара соңында әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер көп жылғы ынтымақтастық пен жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының және Солтүстік Қазақстан Кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамоталарымен алғыс хаттарымен марапатталды.

Кездесулер нәтижелі болды, алдағы ынтымақтастықтың мәселелері, перспективалары мен оң аспектілері айтылды.