Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту

Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту

2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының №2 Кішкенекөл орта мектебі «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» республикалық жобасына енді. Республика бойынша барлығы 17 мектеп анықталды.

Жобаның мақсаты: педагогтердің кәсіби дамуы мен ауыл мектептерін материалдық-техникалық жарақтандыруда тең жағдай жасау есебінен қалалық және ауылдық білім беру арасындағы айырмашылықты қысқарту.

Ағымдағы жылдың 26 қазанында № 2 Кішкенекөл орта мектебінде тәжірибе тарату және коммерцияландыру департаментінің аға менеджері А. И. Дощанованың, Петропавл қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Д. С. Уәлиевтің, Петропавл қ. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры О. Ю. Тушинскаяның, білім басқармасының және білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мамандарының қатысуымен кеңес өтті. Сондай-ақ, кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімінің басшысы, аудандық білім бөлімінің мамандары қатысты.

Кеңес барысында тәжірибені тарату және коммерцияландыру департаментінің аға менеджері А. И. Дощанова «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде мектептің мақсаттары мен міндеттері, негізгі іс-шаралары, болашақ мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, сөз сөйлеген спикерлер «НЗМ» ДББҰ-ның осы жобасын әдістемелік сүйемелдеуге және Петропавл қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы тарапынан мектеп педагогтарын курстық сүйемелдеуге назар аударды.