«Мектепке жол» акциясы бойынша көрсетiлген көмек

«Мектепке жол» акциясы бойынша көрсетiлген көмек

Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткiзу барысында бiлiм беру ұйымдары материалдық көмек көрсету үшiн әлеуметтiк қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тiзiмiн жасады. Осы санаттағы балаларға демеушiлер бекiтiлдi: мемлекеттiк ұйымдардың, кәсiпорындардың, ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары, жеке кәсiпкерлер.

Ағымдағы кезеңде акция шеңберiнде 6487 балаға көмек көрсетiлдi, оның iшiнде бюджет қаражатынан — 3673, демеушiлiк қаражат есебiнен — 2814.

Көрсетiлген көмектiң жалпы сомасы 170,5 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде 138,1 мың теңге бюджет қаражатынан, 32,4 млн. теңге демеушiлiк қаражат есебiнен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 64 Қаулысы шеңберiнде 406,5 млн. теңге сомасында қаражат көзделген. Әрбiр бiлiм алушы мен тәрбиеленушiге киiм, аяқ киiм, мектепке арналған керек-жарақтарын сатып алу үшiн 37 389 теңге мөлшерiнде қаражат көзделген. Осы кезеңде қаражат 8 701 оқушыға карточкалық шотына аударылды.