Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетуi

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетуi

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы Ақпараттық технологиялар басқармасымен бiрлесiп бейнеконференцбайланыс режимiнде 2022 жылғы 01 тамызда мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдармен жұмыс кеңесiн өткiздi.

Отбасы және балалар саласында қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар 10 мемлекеттiк қызмет көрсетедi:

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру;
  2. Кәмелетке толмағандардың мүлкiне иелiк ету үшiн анықтамалар беру;
  3. Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу;
  4. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;
  5. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау;
  6. Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау;
  7. Жетiм баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты бiржолғы ақшалай төлемдi тағайындау;
  8. Балаға керi әсер етпейтiн ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуiне рұқсат беру;
  9. Он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешiмiн беру;
  10. Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке қою.

Күн тәртiбiне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметтер көрсету, олардың бизнес-процестерi саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзу мәселелерi қаралуға жатады.

Кеңес қорытындысы бойынша мамандарға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын күшейту және оларды көрсету мерзiмдерiн бұзуға жол бермеу жөнiнде ұсынымдар берiлдi.