ВСТ жұмысы жалғасуда

ВСТ жұмысы жалғасуда

Тамақтанудың ұйымдастырылуы мен сапасын бақылау мақсатында құрамында бiлiм басқармасының өкiлдерi, СҚО мәслихатының депутаты, «Истоки здоровья» ҚБ, «СҚО рестораторлары мен Отельерлерi қауымдастығы» ҚБ, ата-аналар қауымдастығы бар облыстық ведомствоаралық сараптама тобы (ВСТ) жұмысын жалғастырды. Бүгiн №1 ҚМИ-на, саңырау және нашар еститiн балаларға арналған мектеп интернаты және №2 ҚМИ-на бару жүзеге асырылды.

ВСТ-ы келiп түсетiн тамақ өнiмдерiнiң сапасын тексердi,

  • отандық тауар өндiрушiлердiң азық-түлiк өнiмдерiне сертификаттардың болуы, технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы, азық-түлiктi сақтау, жеткiзу мерзiмдерi мен шарттарын сақтау, балалардың нақты тамақтану рационының күнделiктi, перспективалық мәзiрге, асхананың санитариялық жағдайына сәйкестiгi.

Сондай-ақ, ВСТ мүшелерi мектеп сайтына, «Күнделiк» ААЖ-ге балалардың тамақтануын ұйымдастыру туралы ақпаратты орналастыру, дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениетi мәселелерi бойынша iс-шараларды көрсету бойынша мониторинг жүргiздi.

Сараптамалық топ гимназияда балалардың сауалнама нәтижелерiмен, ата-аналардың тамақтанудың ұйымдастырылуы мен сапасына қанағаттанушылығымен танысты.

Мониторинг қорытындысы бойынша акт жасалып, тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берiлдi. Акт басқарманың сайтында орналастырылған.